Оралда мемлекеттік статистика органдарының 90 жылдығы аталып өтілді
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық статистика департаментінде мемлекеттік статистика органдарының 90 жылдығы аталып өтілді.
Статистика департаментінен хабарлағанындай, ҚР Статистика агенттігі мен департаменттің алғысхаттары мен грамоталары үздік қызметкерлерге салтанатты жағдайда тапсырылды.
Кешке статистика ардагерлері, осы салада отыз жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен В.Скаленко, Т.Сұлтанғалиев, В.Журавлева шақырылып, оларға ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Салтанат соңы мерекелік концертке ұласты.