Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға арналған аймақтық семинар өтуде

  ОРАЛ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - 21 тамыз күні «Park Hotel» кешенінде «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді дамытуға арналған семинар жұмысы басталды.

Оралда мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға арналған аймақтық семинар өтуде

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан делегаттар қатысып жатқан семинарда «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік тілді енгізу мен дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асуы туралы аталмыш мекеменің ұйымдастыру-бақылау департаментінің бас менеджері Е.Баймағамбетов баяндама жасады. 1080 қызметкері бар компания бүгінде қазақ тіліне тұтастай көшкен. 2009 жылдан бері мекеме қабырғасында 184-тен астам қызметкер қазақ тілін меңгеріп шыққан.

Өз жұмысын 23 тамызда аяқтайтын семинар барысында мемлекеттік тілді дамытудағы өңірде кездесіп отырған түйінді мәселелер мен оның шешу жолдары қарастырылады. Сондай-ақ әдістемелік кабинеттер ашылып, тілді жетік меңгерген қызметкер арасында төрт облыстан келген командалар бақ сынасады.