Оралда «Нарын сазы» студенттік фольклорлық-аспапты ансамблінің тұсаукесері болды

ОРАЛ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Нарын сазы» студенттік фольклорлық-аспапты ансамблінің тұсаукесері болды.

Оралда «Нарын сазы» студенттік фольклорлық-аспапты ансамблінің тұсаукесері болды

Аңсар Бердіғалиев жетекшілік ететін ансамбль құрамына аталмыш университетте оқитын 15 жас өнерпаз іріктелініп алынған. Аңсар - белгілі айтыскер ақын әрі әнші Қатимолла Бердіғалиевтің ұлы.

Репертуарды студенттердің өздері таңдаса, университет басшылығы киім мен музыка аспаптарынан көмек көрсеткен.

Беташар концертте ансамбль қазақтың халық әндері мен күйлерімен қатар классикалық шығармаларды да орындай білді.