19:24, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Оралда науқастың ішінде дәкені ұмыт қалдырған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен облыстық аурухананың дәрігері Е.Асауов ҚР ҚК 114-бабы 4-бөліміне сәйкес (1997 жылғы редакциядағы) айыпты деп танылып, мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2013 жылы 13 қазанда пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға түскен науқасқа ота жасалған. Алайда дәрігер кәсіби міндетін дұрыс атқармай, жұмысына салғырт қарап, науқастың іш қуысында таңатын дәкені ұмыт қалдырған. Соның салдарынан науқастың іші қабынып, перитонитке айналып, көз жұмған.