Оралда несиені қайта қаржыландыруға байланысты жұмыстар атқарылуда

ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жоғары пайызбен ипотекалық несие алғандарға Үкімет тарапынан жеңілдіктер қарастырылғаны белгілі.
None
None
Осыған байланысты «ТӘБ банкі» АҚ облыстық филиалы қымбат ипотекалық несиені қайта қаржыландыру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Филиал директорының орынбасары Елизавета Кузнецованың айтуынша, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан бұл мақсатқа 40 млрд. теңге бөлінген. Наурыздың 2-сінен бастап банкке заемшылардың 21 пайызынан өтініш түскен. Қажетті құжаттар пакеті тапсырылғаннан кейін несиелік комитет оларды он күннің ішінде қарайды. Қайта қаржыландыруға байланысты жұмыстарға банк көк тиын да алмайды. Әлеуметтік, бюджеттік сала қызметкерлері үшін несие пайызы теңгемен 9 пайызға, ал басқа топтағылар үшін 11 пайыз көлемінде төмендетіліп, 20 жыл мерзімге беріледі. Бұл үлкен қолдау екені анық.
Соңғы жаңалықтар