17:55, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оралда оқушы қыздың жеке көрмесі ашылды
ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Оралдағы №44 орта мектептің 5-сынып оқушысы Әсел Төлеуішеваның тырнақалды сурет көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас талапкер жиырмаға жуық еңбегін негізінен табиғат пен жан-жануарлар әлеміне арнапты. Әселдің анасы Мәрия қызының үш жасынан бері сурет салуға машықтанғанын айтса, ұстазы Эльмира Мырзиева шәкіртінің облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүргеніне дән риза. Жас суретшінің, әсіресе, жылқы жануарын әр қырынан көрсеткен туындылары сәтті шыққан.