Оралда он тоғыз жасар қыз өзіне-өзі қол жұмсады

ОРАЛ. 10 маусым. ҚазАқпарат - 7 маусым күні Оралға қарасты Зачаган кентінде көпқабатты үйлердің ауласында газ тұрбасына асылып өлген 19 жасар қыздың денесі табылды.

Оралда он тоғыз жасар қыз өзіне-өзі қол жұмсады

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Оралдағы ЖОО-лардың бірінің бірінші курсында оқыған. Апасы екеуі сол маңда пәтер жалдап тұрған. Сынақтан төмен баға алған сіңлісі сол себепті өзіне-өзі қол жұмсағанға ұқсайды.