Оралда өңірге танымал мәдениет қызметкерінің мерейтойы атап өтілді

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Инна Гудошникованың 75 жасқа толуына орай мерейтойлық кеш өткізілді,

Оралда өңірге танымал мәдениет қызметкерінің мерейтойы атап өтілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал педагогикалық институтының филология факультетін, кейін Мәскеу мәдениет институтын бітірген ол еңбек жолын кітапханашы болып бастап, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары ретінде 16 жыл бойы жұмыс жасады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін өлкетанушылықпен айналысып, Жәңгір хан, оның ұлы Ғұбайдолла Жәңгіров туралы еңбектер жазды.

И.Гудошникованы көп жыл жұмыстас болған әріптестері, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.