Оралда «Орал аруы-2011» байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. 24 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -Орал қаласында «Орал аруы-2011» сұлулық байқауы мәреге жетті.

Оралда «Орал аруы-2011» байқауы мәреге жетті

Оған Орал мен облыс аудандарынан барлығы 18 ару қатысты. Сайыс қорытындысында Орал қаласындағы №6 орта мектептің 10-сынып оқушысы Софья Доспанова бас жүлдені иемденсе, ақсайлық Іңкәр Жидебаева - бірінші, оралдық Малика Хадиматова - екінші, тағы бір ақсайлық Алина Қоңырова - үшінші, оралдық Қымбат Әбуалиева төртінші орынды еншіледі.

Байқау жеңімпазы 4 желтоқсанда Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы» байқауына қатысатын болады.

Аталмыш байқаудың өткен жылғы жеңімпазы, Ақ Жайықтың аруы Жанна Жұмалиева Лондонда өтетін дүниежүзілік додаға дайындалуда.