Оралда өткен тіл байқауында атыраулық жауынгер жеңіске жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердегі өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мемлекеттік тілді әскери қызметшілер арасында насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі сайысқа Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Орал қалаларында орын тепкен әскери бөлімдерден байқаудың бірінші кезеңінде үздік атанған алты үміткер қатысып, бақ сынады.  Олар өздерін таныстырып, қазақ тілінде өлеңдер мен шығармалардан үзінділер оқыды, тарихи тұлғалар туралы әңгімелеп, сахналық көріністер қойды.

«Мемлекеттік тілді білу - өз Отаныңның патриоты болу деген сөз. Сондықтан әр әскери қызметкер қазақ тілін білуі тиіс», деді Ақтөбедегі 6655-әскери бөлімнен келген қатардағы жауынгер Андрей Петров. Қазақ тілінде мақал-мәтел айтудан атыраулық Александр Кондрашов алдына жан салмаса, оралдық кіші сержант Юрий Яковлев (5517-әскери бөлім) Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқып берді.

Байқау қорытындысында Атыраудағы 5546-әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Александр Кондрашов жеңімпаз атанды. Ақтөбелік А.Петров екінші, оралдық Ю.Яковлев үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал А.Кондрашов Астана қаласында қыркүйек айында өтетін байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алды. 


nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар