Оралда полицейден қашқан тұрғын жол апатын жасап, жүргізушіні мерт қылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласының тұрғыны ақ түсті Renault Logan автокөлігін ұрлап айдап кеткен.

Оралда полицейден қашқан тұрғын жол апатын жасады
Фото: 666nur07 Instagram парақшасы

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қыркүйек күні болды.

Күдікті жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолдағы басқа қатысушыларға қауіп төндіріп, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған.

Назарбаев көшесінің бойында бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, Назарбаев пен Карев көшелерінің қиылысында Lada Granta және Lada Largus автокөліктерімен соқтығысқан.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

- Күдікті де дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді, қазір оны полиция күзетіп отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмның соңында әйелі, екі баласы қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық ата-ананың 25 жылдан кейін америкалықтар асырап алған қызымен кездескенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар