Оралда прокуратураның талаптарына сәйкес алкогольді өнім сататын мейрамхананың лицензиясы заңсыз деп танылды

ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық прокуратурасының талаптарына сәйкес Орал қаласындағы алкогольді өнімдерді бөлшек саудаға шығаратын «Зодиак» мейрамханасының лицензиясы БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен заңсыз деп танылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш лицензияны жеке кәсіпкер М.Кенжәлиеваға БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы берген. Алайда «Зодиак» мейрамханасының «Балауса» балабақшасына 53,42 метр қашықтықта орналасқанын ескермеген. Арақашықтық заңға сәйкес 100 метрден кем болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар