18:17, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Оралда Рамазан айына орай діни тақырыпта көрме ашылды
ОРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - 27 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Имандылық ұйытқысы» атты көрме ашылды.

Қасиетті Рамазан айына арналған шараға қатысқан БҚО дін істері жөніндегі департамент директоры Талғат Нығметовтің атап өткеніндей, халықтың рухани байлығын сақтаудың маңызы зор.
Көрмеге ХІХ және ХХ ғасырда шығарылған Құран, «Мухамедия» кітаптары, «Ясын-36» хадистер жинағы, Әл-Фараби еңбектері, сондай-ақ медресе шәкірттеріне арналған оқулықтар қойылған.
Музей директоры Әбіл Жоламановтың айтуынша, аталмыш мекеменің 175 жылдық тарихында жүз мыңнан астам экспонат жинақталған. Бүгінгі көрме - соның бір айғағы.
Көрме ораза айы бойы келушілер назарына ұсынылмақ.