Оралда «рұқсатсыз» айдап кетілген автокөлік иесіне қайтарылды
ОРАЛ. 27 маусым. ҚазАқпарат - 25 маусым күні сағат 22.00-де Орал қаласында Алмазов көшесіндегі үйдің маңында орналасқан автотұрақтан «Тойота Прадо» маркілі автокөлікті белгісіз біреулер заңсыз айдап кеткен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жедел тергеу тобы мен жол полициясы жеке батальонының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде оқиғаның ізін суытпай, 29 жасар азаматты құрықтады. Көлік иесіне қайтарылды.