Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында ересектер арасында садақ атудан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Садақ атудан БҚО құрамасының аға бапкері Виталий Шкоковтың айтуынша, бастапқы айналымда (70+70 метр) классикалық тәсілден әйелдер арасында Луиза Садықова, ерлерден Ойбек Сайдиев (екеуі де ОҚО-дан) чемпион атанды. Компаундтан ерлерден Павел Фишер, әйелдерден Нина Дударева (екеуі де Алматыдан) бірінші орынға ие болды.

null

Командалық есепте классикалық тәсілден әйелдер арасында Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының, ерлерден Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының, компаундтан әйелдер арасында Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының, ерлерден Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының өкілдері сәйкесінше алғашқы үш орынға көтерілді.

Сонымен қатар, микстен классикалық тәсілден Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының, компаундтан Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының командалары сәйкесінше жүлдеге ілікті.

Олимпиадалық айналым жаттығуынан классикалық тәсілден Фарида Төкебаева (Алматы облысы), ерлерден Ойбек Сайдиев (ОҚО), компаундтан Нина Дударева (Алматы) мен Сергей Христич (Алматы облысы) жеңіс тұғырына көтерілді.

Командалық есепте компаундтан ерлерден ОҚО, Алматы облысы, БҚО, әйелдерден Алматы, ОҚО, Павлодар, микстен Алматы, ОҚО, Астана, классикалық тәсілден әйелдерден ОҚО, Алматы облысы, БҚО, ерлерден Алматы облысы, ОҚО, БҚО, микстен ОҚО, Алматы облысы, БҚО өкілдері жүлделі орындарға ие болды.

Паралимпадашылар арасында (70+70 метр)  Алматы облысынан келген Қайрат Сарқұлов жеңімпаз атанса, әйелдерден БҚО құрамасының мүшелері Любовь Домбрина, Айнұр Жақсылық және Оксана Пирог алғашқы үш орынды өзара бөлісті.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы күзде Мехико қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар