Оралда «Сәламатсыз ба, мен сіздің сақшыңызбын!» шарасы өткізілуде

ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ақпанның 1-25-і аралығында «Сәламатсыз ба, мен сіздің сақшыңызбын!» шарасы өткізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орал қалалық ішкі істер бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Берік Жылгелдиевтің айтуынша, шараның мақсаты - әр тұрғынның өз учаскесіндегі сақшыны біліп, қажет бола қалған жағдайда хабарласа алатындай болуы. Осы орайда сақшылар әр үйді аралап, өздерін таныстырады. Оралда барлығы полицияның 104 учаскелік, 23 тірек қосыны және 76 әкімшілік учаскесі бар. Сақшыларға көше, аулаларда орнатылған бақылау қондырғылары көмектесуде. Айталық, №17 учаскеде осындай төрт камера бар. Мұндағы сақшы Нұржан Әбіловтің тәжірибесі де мол. Ол полицияда он үш жыл қызмет етсе, соның сегізі учаскеде өтіп келеді.
Соңғы жаңалықтар