Оралда саяси клуб отырысында медицина мәселелері талқыланды

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - 4 қазан күні облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы саяси клубтың кезектіотырысы болып, онда «Медицина саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту туралы» тұжырымдамасының жаңа жобасы талқыланды.
None
None

Саяси клуб отырысын облыс­тық ішкі саясат басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Айгүл Есекенова жүргізді.

ҚР Денсаулық сақтау ми­нистрлігі стратегиялық да­му департаментінің директоры Ма­рат Шоранов «Медицина саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту тура­лы» тұжырымдамасының жобасы жөнінде баяндады.

Саяси клуб отырысын қа­­тысушылар мемлекеттік-жеке мен­­шік әріптестік медицина саласын дамытудың тиімді ме­ха­низмі екеніне тоқталып, кей­бір тетіктері туралы ойларын ор­­та­­ға салып, пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар