19:58, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оралда саяси партиялар клубының кезекті отырысында зейнетақы мәселесі талқыланды
ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Желтоқсанның 1-інде Оралда саяси партиялар клубының кезекті отырысы болып, онда зейнетақы мәселесі талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай саяси партиялар өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Табылғали Сапаров, БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Берікболат Нұржанов, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы БҚО филиалының директоры Асқар Қожымов соңғы жылдары зейнетақы мен жәрдемақының ұдайы өсіп отырғанын айтып, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобына жасалып отырған жеңілдіктер туралы толыққанды мәлімет берді.