Оралда студенттер фестивалі өтті
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстанда облысында «STUD ПРЕМИЯ – 2025» фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – өңір жастарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға қолдау көрсету, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастар арасындағы қоғамдық маңызға ие бастамаларды ынталандыру.
Іс-шара Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жастар Рухы» корпоративтік қоры» қорының ұйытқы болуымен өтті.

Фестиваль бірнеше премиядан тұрады:
- Ең жасы үлкен студент;
- Ең алыстан келіп оқитын студент;
- Ең арзан буфет;
- Блогер студент;
- Ата-ана студент;
- Ең қызық оқиға;
- Әскерден келген студент;
- Дипломы бар студент.

Сондай-ақ «STUD Премия-2025» фестивалі аясында бірқатар студент облыс әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қазақ киносының онкүндігі басталғаны туралы жазған едік. Шара аясында БҚО тұрғындарына отандық киноның жетістігі мен қазақстандық режиссерлердің туындылары ұсынылады.