Оралда студенттер жатақханасы салынатын болады

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттері үшін тоғыз қабатты жатақхана салынатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Университет ректоры, ғылым докторы, профессор Қазыбай Бозымовтың айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асқалы отырған бұл жобаға биыл 369 млн. 541 мың теңге бөлінген. Бұған қоса 2010 жылы 589 млн. 666 мың теңге игерілмекші. Жаңа үлгідегі озық материалдармен және тың технологиямен салынып, жабдықталатын жатақхана 560 студентке арналған.
Соңғы жаңалықтар