Оралда «Табиғат -Адам - Қоғам» атты экологиялық іс-шарасы өткізілуде
ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Табиғат -Адам - Қоғам» атты экологиялық эстафетасы өткізілуде.
Шараның ашылу салтанаты 8 қазан күні Жеңіс алаңында болып, оған 200-ден астам студенттер мен жастар қатысты. Бұл жолы олар Жайық жағалауын тазартуға атсалысты. Бір күн бойы жасалған жұмыстар нәтижесінде бірнеше тонна қоқыс шығарылды.
«Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Дархан Қадырәлиевтің сөзіне қарағанда, бір айға созылатын шара барысында Деркөл, Шаған өзендерінің де жағалауларын тазарту үшін сенбіліктер ұйымдастырылмақ. Эстафета қорытындысында белсенді студент жастар ынталандырылатын болады.