Оралда таэквондодан жарыс мәреге жетті

ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында таэквондодан жасөспірімдер мен қыздар арасында облыс біріншілігі мәреге жетті.
None
None
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жасөспірімдер арасында оралдықтар Сергей Зорин, Дамир Абдушев, Дмитрий Иванов, Нұрлан Бажанов, Болач Юсуповтар жеңімпаз атанса, қыздардан Құралай Таңсықова, Дана Мүбәракова, Жанбота Жаскелең, Индира Шугаева озық шықты. Біріншілік нәтижесіне қарай Астана қаласында ақпанда және Өскеменде сәуірде өтетін Қазақстан чемпионатына баратындар іріктеледі.
Соңғы жаңалықтар