21:44, 12 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Оралда тәртіп сақшыларына 60 автокөлік кілті табыс етілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай батысқазақстандық тәртіп сақшыларына алпыс «ВАЗ 21214» автокөлігінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты жиында өңір басшысының атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағынан қамтылуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда ел тыныштығын, азаматтардың құқығын қорғап, қылмыс атаулының алдын алуда тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан жергілікті атқарушы билік полицияны барлық қажеттімен қамтуды ұдайы назардан тыс қалдырмай, бюджеттен жыл сайын қаржы бөлінеді. Бұл жолы 50 автокөлік аудандық ішкі істер бөлімдеріне берілсе, 10-ы облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға қызмет ететін болады.
Шара барысында озат тәртіп сақшылары облыс әкімінің алғысхаттарымен марапатталып, жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.