Оралда Тасқала ауданы мектептері музейлерінің көрмесі ашылды

ОРАЛ. 26 маусым. ҚазАқпарат - 26 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Мектеп музейі белсенділері» атты облыстық фестиваліне орай «Музей және балалар көрмесі» тақырыбында Тасқала ауданының мектеп музейлері көрмесінің ашылу салтанаты болды.

Оралда Тасқала ауданы мектептері музейлерінің көрмесі ашылды

Аталмыш жобаны ұйымдастырушылар - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, БҚО білім басқармасының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы. Шара өңірдің білім беру мекемелеріндегі «Таңдаулы мектеп музейін» анықтау және жас ұрпақты туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын тануға қызығушылығын арттыру және отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілуде.

Бұл жолы Тасқала ауданындағы мектеп музейлерінен әкелінген құнды жәдігерлер көрмеге қойылған. Экспонаттарды музейге келген оқушы-жастар тамашалады.