Оралда таза су шығаратын желі іске қосылды

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында жергілікті «Родник» фирмасы таза су шығаратын желіні іске қосты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Автоматтандырылған жүйе пластик шөлмекті қысыммен үреді. Одан әрі конвейермен жылжыған шөлмекке өңдеу мен тазалаудың әлденеше сатысынан өткен, оттегімен байытылған су құйылып, аузы бұрандамен бекітіліп, сыртына тауарлық белгісі жапсырылады. Фирма басшысы Ришат Хайруллиннің айтуынша, автоматтандырылған желінің қуаты тек қана БҚО емес, сонымен бірге Қазақстанның батыс аймағын сапалы ауызсумен қамтуға жетеді. Шикізаттың жүз пайызға жуығы кәсіпорынның өзінен. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің түйіндеуінше, қазақ жерінде кәсібін жүргізіп, табыс тауып жүрген қандайда болсын бизнес құрылымы ең алдымен еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Қарашығанақты игеруші «ҚПО б.в.» компаниясы, оның басшысы Роджер Фокс «Родниктің» суын бұған дейін де тапсырыспен алып келген еді. Енді бұл сапалық жаңа деңгейге көтерілмек. Р.Фокс мырза альянсқа бағынышты құрылымдардың бәріне ауыз суды «Родник» фирмасынан алуға тапсырма беретін болды.
Соңғы жаңалықтар