Оралда тоғызқұмалақтан БҚО біріншілігі өтуде

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан БҚО чемпионаты өтуде.

Оралда тоғызқұмалақтан БҚО біріншілігі өтуде

Оған Зеленов, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Қазталов аудандары мен Орал қаласынан барлығы 50-дей спортшы қатысуда. Бұл Павлодар қаласында 4-13 ақпан аралығында өтетін ел біріншілігіне баратын ойыншыларды іріктеу мақсатында өткізілуде. Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша ерлерден Жарыстан Сағынбаев, әйелдерден Назгүл Кенжебекова мен Ақшолпан Айғалиева алда келеді. Олардың бәрі де - оралдықтар.

Жарыстың бас төрешісі Дәулет Әбдікәрімовтің айтуынша, соңғы кезде елімізде тоғызқұмалаққа қызығушылар қатары көбейіп келеді. Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүргендер қатарында батысқазақстандықтар да бар.

Аталмыш чемпионат 13 қаңтарда мәреге жетпек.