Оралда ток соққан бала ауруханаға жатқызылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында электр подстанциясы маңында оқыс оқиға болды.

Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған бала ауруханадан шығарылады
Фото: freepik.com

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 30 сәуір күні подстанция төбесінде 2015 жылғы ұл баланы ток соққан.

- Бала ауруханаға жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бала төбеде тұрып қалған допты алып, жерге лақтырып жіберген. Содан төмен түскенде, ток соққан.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, қазір төртінші дәрежелі күйік жарақатын алған 9 жастағы бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Аппаратпен тыныс алып жатыр, жағдайы ауыр. Денесінің 95 пайызын күйік шалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жүк көлігі қағып кеткен 5 жасар баланың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар