10:34, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда туберкулез дертінің алдын алуға арналған шаралар өткізілуде
ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан медицина колледжінде туберкулез дертінің алдын алуға арналған шара өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай ұйымдастырылып отырған айлық аясында өткен шарада медицина мамандары аталмыш кеселдің елімізде әлі де азаймай отырғандығын атап өтті. Соның ішінде студенттер арасында да кездесетіні алаңдатады.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының директоры Гүлара Омарованың айтуынша, мұндай шаралар басқа да оқу орындарында ұйымдастырылмақ.