Оралда тұңғыш рет әйелдер форумы өткізілді

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қаңтардың 15-інде «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – Орал өңірі әйелдері көзімен» атты І қалалық форум өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш форумға екі жүздей адам қатысты. Қала әкімі Самиғолла Оразов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы Александр Наугольнов, «Қаламдас» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің жетекшісі, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко әйелдердің қоғамдағы рөлін, мәртебесін көтеру, сондай-ақ бала тәрбиесі туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Төрт секция бойынша баяндама жасалып, олардың үздіктері аталып өтілді.
Соңғы жаңалықтар