Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда университет түлектері шетелдік компаниялар өкілдерімен кездесті

ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жұмыс беруші шетелдік компаниялар өкілдерімен кездесу болып, онда оқу орны түлектерін тәжірибеден өткізу, жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды,

Оралда университет түлектері шетелдік компаниялар өкілдерімен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесуге жиырмадан астам компания өкілдері қатысса, соның он сегізі университеттің тұрақты әріптесі болып табылады. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Табылғали Сапаров пен университет ректоры Қазыбай Бозымов атап өткеніндей, дәстүрге айналған мұндай шаралардың жас мамандарды қатарға қосуда маңызы зор. Соңғы екі жылда аталмыш оқу орны сегіз шетелдік кәсіпорынмен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Бұл жолы «Техномаре Казақстан филиалы» компаниясымен осындай келісімге қол жеткізілді. Бұдан кейін университет бітіруші түлектер шетелдік компаниялар өкілдеріне түйіндемелерін тапсырып, өз мүмкіндіктерін көзбе-көз байқап берді. Биыл жыл басынан бері 232 түлек қазірдің өзінде жұмысқа орналасса, 198-і тәжірибеден өткізілді.