Оралда волейболдан қыздар арасында республика біріншілігі ойындары өткізілуде
ОРАЛ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында волейболдан қыздар арасында республика біріншілігі ойындары өткізілуде.
Оған ел аймақтарынан барлығы 23 команда қатысуда. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай үш топта ұйымдастырылып отыр. Қысқы біріншілік ойындарында Батыс Қазақстаннан төрт команда сынға түсуде. Әсіресе, 1993-1994 жылғылар арасында «Грация» командасы жақсы өнер көрсетуде. Кезінде өткен жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Сана Жарлығасованы тәрбиелеп шығарған «Грация» құрамында қазір де болашағынан үміт күттірер ойыншылар бар. Аталмыш біріншілік те үздіктерді анықтау мақсатында өткізіліп отыр.
Оралдағы жарыс 10 қаңтарда мәреге жетеді.