Оралда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан жеке кәсіпкер айыпты деп танылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қаржы полициясының қызметкерлері Орал қаласындағы аталған кәсіпкерге тиесілі «Жанна» дүкенінен 139 мың теңгенің түрлі ішімдік өнімін тапқан. Жеке кәсіпкердің алкоголь өнімдерін сатуға арнайы рұқсаты болмаса да, дүкенде арақ-шарап сатылып келген. Осыған байланысты З.Нұрхатованың үстінен ҚР ҚК 190-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Орал қалалық сотының үкімімен ол 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылып, сонша жыл сынау мерзімі белгіленді. 247 шыны алкоголь өнімі мемлекет пайдасына тәркіленді.
Бұл - З.Нұрхатованың алғашқы айыбы емес. Өткен жылы осыған ұқсас қылмысқа барғаны үшін Орал қалалық сотының үкімімен оған 381,9 мың теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.