Оралда «ZHAIK FILM FEST» қысқа метражды фильмдер байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы Ю.Гагарин атындағы кинотеатрда «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үкіметтік емес ұйымдардың 25 бастамасы» республикалық шарасы аясында «ZHAIK FILM FEST» қысқа метражды фильмдер мен әлеуметтік роликтердің фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

БҚО әкімдігі мен қаладағы кәсіпкерлер қауымдастығының қолдауымен Орал киноклубы мен «БҚО азаматтық альянсы» бірлестігі ұйымдастырған байқауға ресейлік режиссер Лев Вахитов, мәдениет саласының ардагері Құжырғали Төлеуішев, белгілі актриса әрі әнші Гүлнәр Селбаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінің жүлдегері Дархан Төлегеновтер қазылық етті.

Фестивальді ұйымдастырған Орал киноклубының жетекшісі Тұрар Төлегеновтің айтуынша, бұл жолы тек батысқазақстандықтар ғана қатысты. Алдағы уақытта жыл сайын өтетін фестиваль аясын кеңейтіп,  республикалық деңгейге көтеру көзделуде. Байқау мақсаты - алматылық және астаналық режиссерлердің көмегімен жергілікті таланттарды тауып, ынталандырып, олардың кино әлеміне жолдама алуына мүмкіндік беру.

Байқауға кәсіби кинематографистер мен әуесқойлардың барлығы 14 жұмысы ұсынылды. Фестиваль қорытындысында оралдық Айбек Нығмет  «Қымбат нәрсені жоғалту» қысқа метражды фильмімен бас жүлдені иеленді. «Байқауға Максим Қодаровтың «Куб», Аманат Рзағалиевтің «Ақ қоян» сынды фильмдері ұсынылды. Солардың арасынан озып шыққанымызға қуаныштымыз. Актерлер Асылан Ақшалов, Дияр Қайыровқа, сондай-ақ Әлішер Ғұмаров бастаған түсіру тобының мүшелеріне алғысымды айтамын. Оған қоса осы байқауда «Үздік әлеуметтік ролик» аталымын да иелендім», деді ҚазАқпарат тілшісіне Айбек Нығметов.

Айта кетейік, «Үздік актер», «Үздік актриса», «Көрермендер көзайымы», «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымдары бойынша да сыйлықтар тапсырылды. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар