Оралда жалған қоңырау шалған 55 жасар азамат ұсталды

ОРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат -ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің кезекшілік бөліміне 24 шілде күні Локомотив көшесіндегі жеке үйде террорлық акт дайындалып жатқаны жөнінде ер адамнан хабар түскен.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, құқық қорғау органдары қызметтері оқиға орнына барып тексерген.  Қауіпсіздік шаралары алынып, автокөлік қозғалысы тоқтатылған. Ақыр соңында қоңырау жалған болып шықты.

Жедел іздестіру шаралары барысында жалған қоңырау шалып, жұртты әбігерге түсірген 55 жасар азамат анықталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар