01:42, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
Оралда жалпы құны 8,2 млрд. теңге тұратын қалалық аурухана биыл салынып бітпек
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда республикалық бюджет есебінен 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасуда.

Облыстық құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 2012-2015 жылдар арасында бас мердігер «Болашақ-Т» ЖШС салып жатқан нысанның жалпы құны - 8,2 млрд. теңге. Биылғы жылға ел қазынасынан 2,3 млрд. теңге қаралып отыр. Бұл нысанға 2012-2014 жылдары 4,8 млрд. теңге жұмсалса, биылғы жыл басынан бері 103,5 млн. теңге игерілді.
Аурухананы 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру көзделуде.