Оралда жаңа Бюджеттік кодекстің ерекшеліктері түсіндірілді

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазынашылық департаменті биылғы қаңтардың 1-інен күшіне енген жаңа Бюджеттік кодекстің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында барлық мекеме, ұйымдар есепшілерімен арнайы жиын өткізді,

Оралда жаңа Бюджеттік кодекстің ерекшеліктері түсіндірілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департамент бастығы Дархан Қуанышевтің айтуынша, мамандар Үкіметтің қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы мен оның кассалық қызмет көрсету ережелерінің негізгі нормаларын білуі тиіс. Қазынашылық комитеті бюджеттік есепті құру және ұсыну ережесінің жаңа жобасын дайындады. Бұл жаңа нормативтік құжат тиісті орындардан бекіп шыққанша, түрлі есептерді жүргізудің тәртібі қандай болмақ? Жиында сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар есебін құру, қаржыландыру жоспарларын жүзеге асыру, тағы басқа өзгешеліктер жөнінде түсініктер берілді.