Оралда жас ақындар мүшәйрасы мәреге жетті

АЛ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ауылым - алтын бесігім» атты жас ақындар мүшәйрасы мәреге жетті.
None
None

Аталмыш университет ұйымдастырған жыр бәйгесіне облыс аудандарынан және қаладағы оқу орындарынан 17-29 жас аралығындағы 25 үміткер қатысты. Олар «Жасампаздықтың 20 жылы», «Ауылым - алтын бесігім» және еркін тақырыпқа үш өлеңнен ұсынды.

Мүшәйра қорытындысында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қос бірдей ару қызы, бірнеше жыр мүшәйрасында жеңімпаз атанған Жұмагүл Мұрсалова мен Айдана Сұлтанмахмұд озық шығып, 25 мың теңгеден бірінші орынды еншіледі. Осы оқу орнының 1-курсына биыл қабылданған Азамат Базарбаев жаңа есім ретінде танылды. Ол бұған дейін де жыр мүшәйраларында жүлдегер атанып жүрген, қазір Зеленов ауданы Щапов ауылдық клубының қызметкері Сыйлыхан Жұмасалиховпен бірге екінші жүлдені бөлісті. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының студенттері Бауыржан Зинешев пен Естеміс Мұқанбетов және Оралдағы №15 облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі Мейрамбек Сұлтанов үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ он талапкерге алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар