10:17, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда жас саясаткерлер мектебінің кезекті отырысы болды
ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы жас саясаткерлер мектебінің кезекті отырысы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кейінгі кезде өңірге танымал тұлғалармен кездесуді дәстүрге айналдырған жастар бұл жолы белгілі айтыс ақыны, Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясының директоры Дариға Мұштановамен жүздесті. Соңғы жылдары аталмыш гимназия ҰБТ көрсеткіштері жөнінен елімізде үнемі көш басынан көрініп келеді.
Кездесуде болашақ ұрпақ тәрбиесі, елдік мұраттар, ана тілін ардақтау және басқа мәселелер турасында ашық әңгіме өрбіді.