12:47, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оралда жасөспірімдер арасында волейболдан ел біріншілігінің екінші туры өткізілуде
ОРАЛ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында жасөспірімдер арасында волейболдан ел біріншілігінің екінші туры өткізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыста 1991-1992 жылғылар арасындағы топта жеті, 1993-1994 жылғы кіші топта тоғыз команда сынға түсуде. Мұнда алаң иелері жақсы өнер көрсетуде. Айталық, кіші топта Петропавл, Павлодар, Шымкент, Орал қалаларының командалары жүлделі орындар үшін таласатын болады. Аға топта батысқазақстандық «Конденсаттың» негізгі қарсыластары Петропавл, Өскемен командалары болып отыр.
Тур ойындары қаңтардың 10-ында мәреге жетпек.