11:30, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда жастар арасында діни мәселелерге арналған жиын өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде діни мәселелерге арналған кездесу болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков, Орал және Атырау архиепископы Антоний әкей жастар алдында жат ағымдарға ілесіп кетпеу жөнінде ақыл-кеңестерін айтты. Әсіресе, экстремистік бағыттағы секталар аса қауіпті.
Облыстық ішкі саясат басқармасы діни ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы Жамал Иқсанованың айтуынша, мұндай тәрбиелік шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрмақ.