Оралда «Жастар есірткіге қарсы» атты облыстық фестиваль өткізілді

Облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, жетекші жастар ұйымдары бірлесіп ұйымдастырған шара барысында медицина қызметкерлері, психологтар, педагогтар нашақорлыққа тосқауыл қою жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе, есірткіге тәуелділердің жасаруы алаңдатады. Мектеп командалары өз әлеуметтік жобаларын таныстырды. Дөңгелек үстел отырысында, тренингтік сабақтар кезінде нашақорлықпен күрестің алдын алу үшін түсінік жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас наркологы Ерлан Шомбаловтың айтуынша, соңғы кезде есірткіге тәуелділер саны азайған. Қазір өңірде 1400 адам наркодиспансерде есепте тұр, бұл өткен жылдарға қарағанда, едәуір төмен. Әйтсе де бұған қарап тоқмейілсуге болмайды.