Оралда жеке пәтер иелері кооперативтеріне нақты тапсырма берілді

ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Орал қаласындағы жеке пәтер иелері кооперативтері (ЖПИК) және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер басшыларымен кездесіп, онда тұрғын үйлерді күтіп ұстаудағы түйткілді мәселелер жөнінде кеңінен сөз болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жыл ішінде тұрғындардан кооперативтер жұмысына қатысты жеті жүзге тарта арыз түскен. Кейбір ЖПИК-тердің ісі мүлдем мардымсыз. Кооперативтерге кедергі келтіретін жайдың бірі ? қаладағы тұрғын үйлердің ескіргендігі, оларға күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі. 2000-2004 жылдары қалалық бюджет есебінен 326 үйге күрделі жөндеу жасалған. Кейін бұл жұмыстарды бюджет есебінен жүргізуге тыйым салынды. Бүгінде бір ғана апатты үйді қалпына келтіруге шамамен 10-15 млн. теңге керек. Мұндай ақшаны тұрғындардан жинау мүмкін емес. ЖПИК-тер жұмысына тұрғындар да атсалыса бермейді. Облыс басшысы ең әуелі кіреберістер мен аулалардың ретке келтірілуін талап ететінін айтты. Бұл тапсырма ақпанның 5-іне дейін орындалуы тиіс. Сондай-ақ әкім кооперативтер құрамының ірілендірілуі қажеттігін де атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар