12:22, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оралда жеке үйде болған өрт салдарынан төрт адам қаза тапты
ОРАЛ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы Махамбет ақын атындағы көшеде жеке үй отқа оранып, өрт орнынан төрт адамның денесі табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұлардың екеуі 1961 және 1959 жылғы ерлі-зайыптылар, қалған екі әйелдің кім екендігі анықталуда.
Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.