Оралда жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты. 

Оралда жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні шамамен сағат 22.00-де А.Черекаев көшесінде болды.

«ВАЗ-21099» және «Хундай» жедел жәрдем көлігі түйісті. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі басқа жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда лагерьде баланың соққыға жығылуына байланысты тәлімгер қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар