Оралда жоғалған әйел табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда іздестірілген 31 жастағы әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы әйелдің інісі Сергей Плотников айтты. Оның айтуынша, әйел бүгін таңғы уақытта табылған.

«Апам қазір үйде. Іздеуге атсалысқандардың барлығына алғысымызды айтамыз», деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Плотников.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 31 жастағы әйелдің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар