Оралда жол полициясының жылжымалы кинозалы «жорыққа шықты»

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін БҚО жол полициясы басқармасы Орал қаласында жол тәртібін бұзғандар үшін ерекше шара ұйымдастырды.
None
None

Басқарма инспекторы Нұртай Лезовтің хабарлағанындай, Құрманғазы және М.Иқсанов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзғандардың бәрін жол полициясы қызметкерлері арнайы жабдықталған автобустың кинозалына шақырды. Онда облыс жолдарында орын алған апатты оқиғалар жөнінде бейнеролик пен фотографиялар көрсетілді. Әсіресе, қаза тапқандар мен жарақат алғандардың суреттері ерекше әсер етті. Бір күннің ішінде 500-дей адам аталған көріністерді қарап шықты.

Мұндай шара республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

«Шараны өткізу үшін «Батыс дилижанс» ЖШС автобус бөлсе, «РИА МИР» ЖШС мамандары афиша жасап, парақшалар дайындауға көмектесті. Өңірде жол-көлік оқиғалары азайып отырған жоқ. Биылғы тоғыз айда 389 жол апаты болып, соның салдарынан 70 адам қаза тауып, 481-і түрлі жарақат алды. Көп адам өзінің басына түскенше, бұған жеңіл-желпі қарайды. Сондықтан оның алдын алу бағытында осындай шаралар ұйымдастыра бермекпіз», - деді Н. Лезов.

Соңғы жаңалықтар