Оралдан Ыстанбұлға тікелей рейс ашылады

ОРАЛ. KAZINFORM — 2026 жылғы 4 маусымнан бастап Pegasus Airlines әуе компаниясы Орал – Ыстанбұл бағытында тұрақты рейстерді орындайды.

самолет, рейс, ұшақ
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, рейстер аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Ыстанбұл — ірі көлік және туристік орталықтардың бірі, ол іскерлік сапарлар мен демалыс үшін, сондай-ақ әрі қарай халықаралық бағыттарға ыңғайлы қосылуға мүмкіндік береді.

Тікелей рейстің ашылуы жол жүру уақытын қысқартып, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін халықаралық бағыттардың қолжетімділігін арттырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астана-Орал бағытындағы ұшақ бортында жүкті келіншектің толғағы ұстап қалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар