Оралдың «Жайық» клубы Орталық Азия чемпионатында топ жарды
ОРАЛ. KAZINFORM — Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан Орталық Азия чемпиондар лигасының ойындары мәресіне жетті.

Аталмыш жарыста барлығы алты команда бақ сынады.
Финалда Қазақстан чемпионы «Жайық» клубы мен «Бішкек» (Қырғызстан) командасы алаңға шықты.

Виктор Козик жаттықтыратын батысқазақстандықтар кеше «Бішкекті» 3:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алған еді.
«Жайық» финалдық матчта да шеберлігінің жоғары екендігін танытып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, оралдықтар Орталық Азия чемпионатында үздік шықты.
Жарыс барысында «Жайық» клубы 6 матчтың бесеуінде қарсыластарынан басым түсті.

Виктор Козиктің сөзінше, шәкірттерінің бұл табысы Азия чемпиондар лигасына қазақстандық бір клубтың қатысуына мүмкіндік береді.

«Жайық» волейбол клубының басшысы Азамат Нұрмұханбетовтің мәлім еткеніндей, Виталий Эрдштейн Орталық Азия чемпионатының үздік ойыншысы атанды. Ол соған қоса үздік диагональші ретінде сыйлық алды. Сондай-ақ украиналық Володимир Ковальчук үздік байланыстырушы, Владимир Прокофьев үздік шабуылшы болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» клубының Орталық Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.