Оралдық ақын республикалық айтыста жүлдегер атанды

ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қызылорда қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай өткен «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!» атты республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина сәтті өнер көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен айтысқа қатысқан жас ақын жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұдан бұрын да республикалық додаларда жүлде алып жүрген Ж.Мусина ? М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, қазір осында оқытушы болып еңбек етеді.
Соңғы жаңалықтар