Оралдық аңшылар үш-төрт күннің ішінде он төрт қасқырдың көзін құртты

ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық аңшылар шалғайдағы Бөкей ордасы ауданына келіп, үш-төрт күннің ішінде он төрт қасқырдың көзін құртты.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме директоры Талғат Саматов хабарлады. Оның айтуынша, Д.Барабаш, А.Протасов, В.Чернов, Ж.Зейінов ақпан айының соңына қарай аудан көлемінде қалың қардың түскенін сәтті пайдалана білді. 2008 жылы Денис Барабаш пен Андрей Протасов Орда ауылының төңірегінен үш күнде жиырма төрт қасқыр аулаған болатын. Өткен жылы өңір аңшыларының күшімен 593 қасқыр ауланып, оларға 8 млн. теңге сыйақы БҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы төленген еді. Биыл да осы көлемде сыйақы төлеу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар